Accessibility links

Черногория басшысы ЕО мүшесі болуға өтініштің пайдасын айтты


Черногория президенті Филип Вуянович.
Черногория президенті Филип Вуянович.

Черногория президенті Филип Вуянович 20 қыркүйекте БҰҰ Бас Ассамблеясында сөйлеген сөзінде Еуропа Одағына мүше болуға өтініш берген өз елі одан қазірдің өзінде "айтарлықтай экономикалық пайда" көріп отырғаны туралы мәлімдеді.

"Черногория өзін Еуропа Одағының сенімді серіктесі ретінде көрсетті, одаққа мүше болу туралы келіссөздер қазірдің өзінде айтарлықтай экономикалық табыспен қамтамасыз етіп отыр", - делінген ағылшын тіліне аударылып, БҰҰ сайтында жарияланған Вуяновичтің сөзінде.

Вуяновичтің айтуынша, Подгорицаның Еуропа Одағына мүше болуға берген өтініші және Черногорияның жақында НАТО ұйымына қабылдануы өзгерістерге, гүлдену мен тұрақтылыққа жету үшін көпжақты бейбіт процестерге бейілділіктің нәтиже беретіндігін көрсеткен. Ол Черногория тәжірибесі аймақтағы және әлемдегі өзге мемлекеттерге мысал бола алатынын айтқан.

"Черногория – диалог пен ынтымақтастық мүмкін екендігін және олар алауыздықты еңсерудің, бейбітшілікке қол жеткізудің және ұзақ мерзімді шешімдерді қабылдаудың жалғыз әдісі екенін өз тәжірибесімен көрсеткен аймақтың бір бөлігі", - деп мәлімдеген Филип Вуянович.

XS
SM
MD
LG