Accessibility links

Баку мен Брюссель жаңа әріптестік келісімін талқылайды


Әзербайжан туы (Көрнекі сурет).
Әзербайжан туы (Көрнекі сурет).

Әзербайжан билігі мен Еуропа Одағының (ЕО) басшылығы 29 қыркүйекте Баку мен Брюссель арасындағы әріптестік туралы жаңа келісім жобасын талқылайды. Әзербайжан сыртқы істер министрінің орынбасары Махмуд Мамедгулиевтің айтуынша, келіссөз қазан, бәлкім қараша айында да өтуі мүмкін.

Келісім жобасында "Әзербайжанның тәуелсіздігі, егемендігі мен территориялық тұтастығы және шекара қауіпсіздігі" сияқты мәселелер қамтылмақ.

Мамедгулиев тараптардың кейбір мәселелер бойынша ұстанымдары әртүрлі болғандықтан Әзербайжан мен ЕО арасындағы әріптестік туралы келісімге 2017 жылдың соңына дейін қол қойылатынына сенімсіз екенін айтты.

ЕО 2009 жылы СССР-дің бұрынғы алты мемлекеті - Армения, Әзербайжан, Беларусь, Грузия, Молдова және Украинаға арналған "Шығыс әріптестігі" бағдарламасын бастаған. Грузия, Молдова және Украина әріптестік туралы келісім аясынан асып, ЕО-мен ассоциация туралы келісімге қол қойған. Әзербайжан билігі 2016 жылы ЕО-мен мұндай келісімнен бас тартып, ЕО-мен жеке, ЕО елдерімен жеке ынтымақтастық орнатқысы келетінін мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG