Accessibility links

АҚШ: 21 штатта сайлау комиссияларына кибершабуыл жасалған


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

АҚШ ішкі қауіпсіздік министрлігі елдегі 21 штаттың басшылығын олардағы сайлаушыларды тіркеуге алатын компьютерлік жүйелерге 2016 жылғы АҚШ президенті сайлауы қарсаңында хакерлік шабуылдар жасалғаны туралы ресми түрде хабардар етті.

Көп жағдайда хакерлер сайлау комиссияларының компьютерлеріне ене алмаған. Олар бірнеше штатта компьютер жүйелерін бұза алғанымен, дауыс санайтын жүйелерге қол жеткізе алмаған дейді АҚШ үкіметіндегі мамандар.

Ішкі қауіпсіздік министрлігі бұл шабуылдардың қайдан жасалғаны туралы хабарламаған, алайда баспасөз құралдарына үш штаттың өкілдері шабуыл ізі Ресейге тіреледі деп мәлімдеген. Кибершабуыл жасалғандардың бірі – Висконсин штатының сайлау комиссиясы оның артында "ресейлік үкіметпен байланысы барлар" тұрғаны туралы хабарлаған.

Бірқатар штатта сайлау комиссияларының компьютерлеріне кибершабуылдар жасалғаны туралы алғашқы хабарлар осыдан бір жылдай бұрын тараған еді, бірақ федералдық билік ондай шабуыл жасалғанын ресми түрде қазір ғана растады. АҚШ конгресі сенатының барлау істері жөніндегі комитеті жетекшісінің орынбасары демократ Марк Уорнер ішкі қауіпсіздік министрлігін ресми ақпаратты осыншама кешіктіргені үшін сынады. "Біздің сайлауымыз – демократияның іргетасы және ішкі қауіпсіздік министрлігі штаттар мен муниципалитеттерге олардың сайлау жүйелеріне шабуыл жасалғаны туралы дереу хабарлауы тиіс" деген ол.

Бұған дейін Мәскеу АҚШ-тағы президент сайлауына ықпал ету мақсатымен Ресейдің хакерлік шабуыл жасағаны туралы айыптауларды бірнеше рет жоққа шығарған.

XS
SM
MD
LG