Accessibility links

Бакуде коррупцияға қарсы шеру өтті


Бакудегі наразылық шеруіне қатысушылар. 23 қыркүйек 2017 жыл.
Бакудегі наразылық шеруіне қатысушылар. 23 қыркүйек 2017 жыл.

Әзербайжан астанасы Бакуде сенбі күні жемқорлыққа қарсы шеруге жүздеген оппозициялық белсенді қатысты. Әзербайжанның бірқатар оппозициялық ұйымдарын біріктіретін Демократиялық күштердің ұлттық кеңесі ұйымдастырған наразылық акциясын өткізуге жергілікті билік рұқсат еткен.

Әзербайжан халық майданы, халықтық-демократиялық партия, ұлттық мемлекеттілік партиясы, "Мусават" партиясының жастар ұйымы, мұсылман одағы тәрізді ұйымдардың белсенділері "Халықтан ұрланған ақша қайтарылсын" деген ұранмен өткен шеруде биліктен елдегі коррупцияға қарсы күрес жүргізуді талап еткен. Бұл шерудің өтуіне халықаралық зерттеуші журналистер консорциумы (ICIJ) жүргізген мемлекеттік шенеуніктердің коррупциялық іс-әрекетін әшкерелейтін зерттеу материалдары түрткі болған.

Шеру өтетін күннің қарсаңында халық майданы партиясының үш белсендісі ұсталғаны туралы ақпарат тараған болатын. Сенбі күні екі сағатқа жуық жалғасқан митингі кезінде кенеттен электр қуаты ажырап қалған. Ұйымдастырушылар оны наразылық акциясына кедергі жасау үшін әдейі жасады деп биліктен көреді. Бұл күні полиция шеруге қатысушылардан ешкімді ұстамаған.

Баку полициясы шараға 2300-ге жуық адам қатысты деп хабарлады, бірақ ұйымдастырушылар қарсылық шеруіне қатысушылардың саны бұдан әлдеқайда көп болды дейді.

23 қыркүйекте Бакуде өткен митингі туралы видео:

Бакудегі жемқорлыққа қарсы шеру
please wait

No media source currently available

0:00 0:00:58 0:00

XS
SM
MD
LG