Accessibility links

Элизабет Тұрсынбаева Канададағы жарыста қола алды


Элизабет Тұрсынбаева.
Элизабет Тұрсынбаева.

Мәнерлеп сырғанаудан Торонтода (Канада) аяқталған Autumn Classic International турнирінде қазақстандық Элизабет Тұрсынбаева қола медаль иеленді.

Ол қысқа және негізгі бағдарлама қорытындысы бойынша 181 ұпай жинады. Тұрсынбаева қысқа бағдарламадан кейін бесінші орында тұрған еді, ал негізгі бағдарламада үшінші нәтиже көрсетті. Алтын жүлдені канадалық Кэйтлин Осмоунд (217,55) жеңіп алса, күмісті жапониялық Маи Миахара (199,02) еншіледі.

17 жастағы Тұрсынбаева былтыр Жапонияда өткен Азия ойындарында қола медаль иегері атанған. Ол 2018 жылы ақпанда Оңтүстік Кореяда өтетін қысқы олимпиада ойындарына қатысады.

XS
SM
MD
LG