Accessibility links

Қасымов: Қазақстан түрмелерінде тұтқындар азайды


Қалмұханбет Қасымов, Қазақстан ішкі істер министрі.
Қалмұханбет Қасымов, Қазақстан ішкі істер министрі.

Қазақстан ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов парламент мәжілісіндегі үкімет сағатында ел түрмелерінде тұтқындар саны азайғанын мәлімдеді. Оның сөзінше, түрмелердегі тұтқын саны 2011 жылғы 57 мыңнан биыл 35,5 мыңға дейін азайған.

"15 жыл бұрын Қазақстан тұтқындар саны жөнінен әлемде АҚШ пен Ресейден кейінгі үшінші орында тұрған болса, қазір 68-орында тұрмыз" деді Қасымов. Министр бұған қоса адамды бас бостандығынан айырмайтын қылмыстық жаза қолдану арқылы түрмедегі тұтқындар санын бұдан ары азайту жоспарланып отырған да жеткізді. Оның айтуынша, сотталушыларды пробацияға және полицияның қадағалауына көбірек жіберу жоспары бар.

Қасымов елде шартты мерзімге сотталған және бас бостандығы шектелгендерді қадағалайтын электрондық құрылғыларды пайдаланатын пробацияның "толық циклі" заң күшімен қалыптасқанын айтты. "Бұған дейін бізде пробацияның екі түрі - үкім және жазасын өтегеннен кейінгі ғана түрлері болған. Биыл қаңтардан бастап "Пробация туралы" заң бойынша пробацияның қосымша екі моделі - сотқа дейінгі және жазасын өтеу кезіндегі модельдері енгізілді. Былайша айтқанда, қазір пробация жүйесі адамның алғашқы заң бұзғаннан бастап екінші рет қылмыс жасауының алдын алуға дейінгі жұмыстардың барлығын қамтиды.

Қасымовтың сөзіне қарағанда, жыл сайын алты мыңға адам бақылауда болады.

XS
SM
MD
LG