Accessibility links

Жапонияда мерзімінен бұрын парламент сайлауы өтпек


Синдзо Абэ, Жапония премьер-министрі.
Синдзо Абэ, Жапония премьер-министрі.

Жапония премьер-министрі Синдзо Абэ парламенттің төменгі палатасын таратып, қазан айына мерзімінен бұрын сайлау белгілейтінін мәлімдеді. Абэ мұндай қадамды өзінің саяси беделі жоғары, ал саяси оппозиция белсенділігі төмен болып тұрған кезде билігін орнықтырып алу мақсатында жасап отыр.

25 қыркүйекте өткен баспасөз конференциясында Абэ парламенттің төменгі палатасы 28 қыркүйекте таратылатынын мәлімдеді.

Премьер-министр саясатын қолдайтындар көрсеткіші шілдедегі 30 пайыздан 50 пайызға дейін жеткен.

Сарапшылар Синдзо Абэ сайлауалды кампаниясында әлеуметтік шығындарды арттыруға, Солтүстік Кореяға қатысты қатаң саясат ұстануға және Жапония конституциясының әскерилерге қатысты ережелерін өзгертуге уәде береді деп болжайды.

Сайлаушылар алдында Абэнің күшті басшы ретіндегі рейтингі Солтүстік Кореяның ядролық бағдарламасына қатысты шиеленіс күшейген тұста көтеріліп отыр.

Синдзо Абэнің Жапония премьер-министрі болғанына алты жылға жуықтады. Ол он жыл бұрын қысқа мерзімдік үзілістен соң 2012 жылы билікке қайта оралған.

XS
SM
MD
LG