Accessibility links

Amnesty International: "Укринмаш" заңсыз қару сатпақ болды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Халықаралық Amnesty International адам құқығын қорғау ұйымы Украинаның мемлекеттік "Укринмаш" компаниясын "Оңтүстік Суданға қару жеткізбек болып, БҰҰ эмбаргосын бұзуға талпынды деп айыптады.

Ұйым мәліметіне қарағанда, украиналық компания африкалық мемлекетке "мың автомат, минометтер және басқа да қару" жеткізгісі келген.

Amnesty International "Укринмаш" компаниясын соғысып жатқан африкалық елге қару тасу тыйымын айналып өту үшін 2014 жылы Біріккен Араб Әмірліктеріндегі компаниямен әріптес болды деп отыр. Бірақ ұйым Оңтүстік Суданға қарудың барлығы, я жарымы ғана жеткізілгенін нақты анықтай алмаған. Келісім 170 миллион доллар болған. Қару сатып алушыға жеткізілгені расталса, бұл қару саудасын әшкерелеудегі ірі жанжалға айналуы мүмкін.

"Укринмаш" өкілі Юрий Кириллич Азаттықтың Украин редакциясына мемлекеттік компанияның Оңтүстік Суданға ешқандай қару сатпағанын және қару сату жоспары жоғын мәлімдеген.

Amnesty International Украина мен БАӘ компаниясы Ұлыбританияда тіркелген шағын фирманы қаруды жеткізуші ретінде пайдаланбақ болған деп біледі. Құқық қорғаушылардың тұжырымы бойынша, британ билігі осы және басқа да қару саудасына ешқандай тосқауыл қоймаған.

XS
SM
MD
LG