"Палестиналық қарулы адам Батыс жағалаудағы еврей қоныстарында Израильдің үш сарбазын өлтіріп, бір адамды жаралады" деп хабарлады 26 қыркүйекте Израиль армиясының радиосы мен осы елдің денсаулық сақтау қызметі.
Батыс жағалаудағы Хар Адар қонысының тұрғыны радиоға қарулы адамның палестиналық жұмысшылармен бірге қонысқа кіріп кетіп, Израильдің қарулы полиция жасағына оқ атқан.
Израиль армиясының радиосы әскерилер қарулы адамның өзін атқанын, бірақ қазір қандай халде екені белгісіз екенін айтады.