Accessibility links

Солтүстік Корея министрі АҚШ-қа тағы доқ көрсетті


Ли Ен Хо, Солтүстік Корея сыртқы істер министрі.
Ли Ен Хо, Солтүстік Корея сыртқы істер министрі.

Солтүстік Корея сыртқы істер министрі Ли Ен Хо АҚШ президенті Дональд Трамптың соңғы мәлімдемесін "соғыс жариялау" деп атады. Министр Пхеньянның енді АҚШ-тың стратегиялық бомбалаушы ұшақтарын олар Солүстік Кореяның әуе кеңістігінен тыс жерде жүргеніне қарамастан атып түсіруге хақы барын айтады.

Бұған дейін Дональд Трамп БҰҰ мінберінен Пхеньянға қарата АҚШ Солтүстік Корея тарапынан қауіп төнсе бұл елді "толық жойып жіберуге" дайын деп қоқан-лоқы көрсеткен.

Ли Ен Хо бұл туралы мәцлімдемесін 25 қыркүйекте БҰҰ Бас ассамблеясының сессиясы өтіп жатқан Нью-Йоркте жасады. Батыстық ақпарат құралдары оның сөзі Ақ үй мен Солтүстік Корея басшылығы арасындағы "сөз таластың" жаңасы екенін айтады. Министр журнаилстермен кездесуде Пхеньян Вашингтонға беретін жауаптың "кез-келген түрін қарастырып жатқанын" жатқанын айтты.

"Бүкіл әлем АҚШ бірінші болып бізге соғыс ашқанын білуі тиіс" деді Солтүстік Корея министрі кездесуде.

23 қыркүйекте америкалық B-1B Lancer стратегиялық бомбалаушы ұшақтары истребительдердің қолдауымен Солтүстік Кореяның шығыс жағалауындағы халықаралық әуе кеңістігінен ұшып өткен.

Өткен аптада Дональд Трамп Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ынды "есі ауысқан" деп атаған. Мұның алдында Ким Чен Ын Трампты "алжыған шал" деп атаған.

XS
SM
MD
LG