Accessibility links

Абаев: 1700 ауылға жылдамдығы жоғары интернет тартылады


Дәурен Абаев, ақпарат және коммуникация министрі.
Дәурен Абаев, ақпарат және коммуникация министрі.

Қазақстанда 2021 жылға дейін ауылды жерлерде тұратын 2 миллионнан астам адам жылдамдығы жоғары интернетке қосылады деп мәлімдеді сейсенбіде ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев.

Астанада өткен үкімет сағатында сөйлеген Абаев министрліктің 2018-2020 жылдарға арналған жоба бойынша келешегі бар 1700-ге жуық ауылға талшықты оптикалық байланыс желісін тартатын айтты. Оның сөзінше, ақпарат және коммуникация министрлігі ұлттық экономика министрлігімен бірлесіп жылдамдығы жоғары интернетке қосылатын ауылдардың тізімін жасамақ. Министр жоба іске асса, 2021 жылға дейін 24 мың километрге жететін талшықты оптикалық байланыс желісі тартылатынын айтады.

Жоба бойынша, ауылды жерлерде 2 мыңға тарта мектеп пен медициналық мекемелерге және 1200 мемлекеттік органдарға жылдамдығы секундына 20 мегабитке жететін интернет байланысы қосылмақ.

Ресми мәліметке қарағанда, қазір Қазақстанда халықтың 72,8 пайызы интернет қызметін пайдалана алады.

XS
SM
MD
LG