Accessibility links

Шығыс Еуропа әлемдегі ең көп ішімдік ішілетін, темекі тартатын аймақ


Көрнекі сурет.

Шығыс Еуропа елдері алкоголь өнімдерін тұтыну, темекі тарту және артық салмақ көрсеткіші жағынан әлемдегі ең алдыңғы орынға шықты. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы, Дүниежүзілік өкпе аурулары ассоциациясы және басқа да халықаралық ұйымдардың мәліметтері бойынша, Шығыс Еуропаның барлық елі аталған көрсеткіштер бойынша әлемдегі алғашқы ондыққа енеді. Тек 10-орынды Литва мен АҚШ бөлісіп тұр.

Жағдай ең нашар ел - Чехия саналады. Бұл ел тұтынылатын алкоголь көлемі жөнінен бірінші орында, тартылатын темекі саны бойынша 11-орында тұр. Екінші орында Ресей, одан кейін Словения, Беларусь, Словакия және Венгрия тұр.

Алкоголь өнімді ең аз тұтынатын, темекіні ең аз тартатын және артық салмақ көрсеткіші ең төмен ел Ауғанстан саналады.

Әлемде барлық елде жасы мезгілсіз қайтыс болуға ең көп себеп жүрек-қан тамырлары аурулары, қатерлі ісік пен диабет аталады.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG