Accessibility links

Қырғызстанда дауыс сатып алу фактісі бойынша іс қозғалды


Қырғызстандағы президент сайлауының жарнамасы (Көрнекі сурет).
Қырғызстандағы президент сайлауының жарнамасы (Көрнекі сурет).

Қырғызстан бас прокуроры Ош қаласында дауыстарды сатып алу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Құзырлы мекеме мәліметіне қарағанда, екі азамат қала тұрғынына президенттікке "үміткер Өмірбек Бабановты қолдау үшін екі мың сом ұсынған".

Бас прокуратура баспасөз қызметінің хабарлауынша, үгіт-насихат науқаны кезінде дауыс сатып алу фактісі бойынша алғаш рет қылмыстық іс қозғалып отыр. Іс Ош қалалық сотына жолданды. Ол 3 қазанда қаралады. Заң бұзғандар 300 мың сом айыппұл төлеуден бастап бес жылға дейін бас бостандығынан айрылу жазасын алуы мүмкін.

Дауыс сатып алу фактісіне қатысты тағы бір материал Бішкек қаласының аудандық сотына жолданды. Астаналық бір тұрғын милицияға "Онугуу-Прогресс" партиясы штабының өкілі сайлаушылар тауып беру үшін 2 мың сом ұсынды" деп арызданған.

Қырғызстанда президент сайлауы 15 қазанда өтеді.

XS
SM
MD
LG