Accessibility links

Сенатор: Ресей Ауғанстанның солтүстігінде әскери операция жүргізбейді


Франц Клинцевич, Ресей Федерация кеңесі орғаныс және қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары.
Франц Клинцевич, Ресей Федерация кеңесі орғаныс және қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары.

Ресей Ауғанстанның солтүстігіндегі террорлық топтарға қарсы құрлықта әскери операция жүргізбейді. Ресей Федерация кеңесінің қорғаныс және қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Франц Клинцевичтің Азаттықтың Тәжік редакциясына айтуынша, әскери операция жүргізуге Мәскеу мен Кабул арасында тиісті үкіметаралық келісім жоғы себеп. Ресейлік сенатор Азаттық сұрақтарына Душанбеде президент жанындағы Стратегиялық зерттеулер институты ұйымдастырған "Еуразиядағы терроризммен және экстремизммен күрес: ортақ қатерлер мен бірлескен тәжірибе" деп аталатын халықаралық конференция арасында жауап берді.

Клинцевичтің сөзіне қарағанда, қазір Ресей Кабулмен әскери-техникалық және барлау салаларында ынтымақтастық орнатып жатыр. Ресей сенаторы Ауғанстанның солтүстігінде соғыс жүргізу және Ауғанстанға Ресей әскерін апаруға негіз жоғын айтады.

Ресейдің Сириядағы әскери кампаниясы жайлы айтқан Клинцевич Сирия президенті Башар Асад Ресейден ресми түрде еліне әскери көмек көрсетуді сұрағанын айты. Ал Кабул тарапынан мұндай өтініш түспеген.

XS
SM
MD
LG