Accessibility links

Ақтөбеде екі адамды қаққан жүргізуші қыз сотта соңғы сөзін айтты


Ақтөбедегі тұңғыш президент атындағы саябақ жанындағы көлік апаты болған жер. 8 шілде 2017 жыл.
Ақтөбедегі тұңғыш президент атындағы саябақ жанындағы көлік апаты болған жер. 8 шілде 2017 жыл.

Ақтөбе қаласының орталығындағы тұңғыш президент атындағы саябақтың маңында екі жаяу адамды жеке көлігімен қағып кетіп, оның бірін мерт қылған 19 жастағы жергілікті студент Сезім Самұрат жұма күні сотта соңғы сөзін айтты. 7 шілдедегі жол-көлік оқиғасы салдарынан 19 жастағы бойжеткен қайтыс болып, оның жанындағы жас жігіт ауыр жарақат алып, ауруханаға түскен болатын. Сотта Сезім Самұрат қайғылы жағдайда ұрындырған оқиға кезінде көлікті басқара алмай қалғанын айтып, мерт болған қыздың туыстарынан кешірім сұрады.

Жол-көлік оқиғасынан қаза болған бойжеткеннің туыстары өздеріне Сезім Сармұраттың материалдық және моральдық шығындарды өтегенін айтып, соттан оған жеңіл жаза тағайындауын өтінді.

Мемлекеттік айыптаушы судьядан сотталушыға екі жарым жыл бас еркіндігінен айыру жазасын тағайындап, оны көлік жүргізу құқығынан бес жылға айыруды сұрады.

Сотталушының адвокаты Әділбай Бертілеуов 19 жастағы студент қызға прокурор тым қатаң жаза сұрайды деп санайды.

Прокурордың айтуынша, жол-көлік оқиғасы болған тұста сағатына 60 километрден аспайтын жылдамдықпен жүру рұқсат етілгеніне қарамастан, Сезім Самұрат көлігін сағатына 91 шақырым жылдамдықпен жүргізіп келе жатып апатқа ұшыраған.

Бұл іске қатысты сот үкімі 2 қазанда шығуы тиіс.

XS
SM
MD
LG