Accessibility links

Назарбаев Астананың 20 жылдығын тойлауға дайындалуды тапсырды


Астана қаласындағы "Қазақ елі" монументіндегі президент Нұрсұлтан Назарбаевтың барельефі.
Астана қаласындағы "Қазақ елі" монументіндегі президент Нұрсұлтан Назарбаевтың барельефі.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өкімімен Астана қаласының 20 жылдығын мерекелеуді дайындау және өткізу туралы комиссия құрамы құрылып, "Ел жүрегі - Астана" тұжырымдамасын бекітілді деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Президент үкіметке Астананың 20 жылдығын тойлау іс-шараларының жоспарын екі ай ішінде Астана мен Алматы қалаларының, облыстардың әкімдерімен бірлесіп әзірлеуді және уақытылы қаржыландыруды тапсырған.

1997 жылы желтоқсанда Қазақстан парламенті мемлекет астанасын Алматыдан Ақмолаға ауыстыру туралы заң қабылдаған. 1998 жылы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен Ақмоланың атауы Астана болып өзгертілді. Кейін парламент Назарбаевтың туған күні – шілденің 6-сын Астана күні ретінде демалыс күні етіп жариялап, тиісті заң қабылдаған.

"Астана күнінің" тарихы туралы видео:

XS
SM
MD
LG