Accessibility links

Ресейде үш қызметтесінің қазасына күдікті әскери оққа ұшқан


Ресей қарулы күштері қатарында міндетті әскери борышын атқарып жүрген сарбаздар. (Көрнекі сурет.)
Ресей қарулы күштері қатарында міндетті әскери борышын атқарып жүрген сарбаздар. (Көрнекі сурет.)

Ресейдің Амур облысындағы әскери полигонында қызметтес үш адамды атып өлтірген деген күдікке ілінген сарбаз жұма күні оны қолға түсірмек болған кезде оққа ұшқан. Ресей армиясының Шығыс әскери округінің баспасөз орталығы "күдікті өзін ұстамақшы болғандарға қарулы қарсылық көрсеткен" деп хабарлады.

"Интерфакс" агенттігінің ақпараты бойынша, ефрейтор Гасан Абдулхадов 28 жастағы рота командирі мен 1997 жылы туған екі қатардағы әскери қызметкерді атып өлтірген деген күдікке ілінген. Атыс салдарынан тағы екі адам жараланған. Агенттіктің дереккөзінің айтуынша, ефрейтор рота құрамына жақында жаңадан қосылған.

Тосын оқиға 28 қыркүйекте жоспарлы түнгі нысана ату жаттығуы кезінде болған."Атыс шебіне шығу кезегінде тұрған бір топ адамға автоматтан оқ жаудырғаннан кейін 23 жастағы күдікті қаруымен бірге із жасырған" деп хабарлайды Шығыс әскери округінің баспасөз орталығы.

Ресей тергеу комитеті бұл оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғаған.

XS
SM
MD
LG