Accessibility links

Өмірбек Бабанов жақтасының ұсталуын "арандату" деп атады


Қырғызстан президенттігіне кандидат Өмірбек Бабанов баспасөз мәслихатында отыр. Бішкек, 1 қазан 2017 жыл.
Қырғызстан президенттігіне кандидат Өмірбек Бабанов баспасөз мәслихатында отыр. Бішкек, 1 қазан 2017 жыл.

Қырғызстан президенттігіне кандидат Өмірбек Бабанов жақтасы Қанатбек Исаевтың ұсталуын "арандату" деп атады.

- Қырғызстан мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің осы жақында ғана өткізген сараптамалық жиынында "Өмірбек Бабанов бірінші турда жеңеді" деп айтылғанын білемін. Біз жүргізген социологиялық зерттеулер және өзге ұйымдардың зерттеулері бүгінгі таңда елдегі сайлаушылардың 65 пайызы менің кандидатурамды қолдап дауыс беруге дайын екенін көрсетті. Айқын жеңіп тұрған шағымызда бізге заңсыз іс-әрекеттерді ұйымдастырудың қажеті қанша? Ондайды еш қисыны жоқ, нағыз ақымақтық деп санаймын, - деп мәлімдеді ол бүгін Бішкекте өткен баспасөз мәслихатында.

Жогорку Кенештегі "Қырғызстан" фракциясының депутаты Қанатбек Исаевты 30 қыркүйекте - Қырғызстан мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері "жаппай тәртіпсіздіктер мен билікті күшпен басып алуға дайындалған" деген күдікпен ұстаған.

"Егер Қанатбек Исаев мені жақтамағанда мұндай проблемаға жолықпас еді" деп мәлімдеді Өмірбек Бабанов. Қырғызстан мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті әзірше бұл мәлімдемеге байланысты комментарий берген жоқ.

Қырғызстанда 15 қазанда президент сайлауы өтеді. Сайлауға 12 кандидат түсіп отыр. Конституцияға сәйкес, бұл елде президент алты жылдық мерзімге сайланады. Бір адам бір мерзімнен артық президент болып сайлана алмайды. Қазіргі ел президенті Алмазбек Атамбаевтың қызмет өкілеті 1 желтоқсанда аяқталады.

Оқыңыз: Қырғызстан ОСК басшысы: Бабановтың Назарбаевпен кездесуінде заң бұзылды
XS
SM
MD
LG