Accessibility links

"Биологиялық сағатты" түсіндірген ғалымдарға Нобель сыйлығы берілді


2017 жылғы физиология мен медицина саласындағы Нобель сыйлығының лауреаттары: (солдан оңға қарай) Джеффри Холл, Майкл Росбаш және Майкл Янг.
2017 жылғы физиология мен медицина саласындағы Нобель сыйлығының лауреаттары: (солдан оңға қарай) Джеффри Холл, Майкл Росбаш және Майкл Янг.

Физиология және медицина саласындағы 2017 жылғы Нобель сыйлығы америкалық ғалымдар Майкл Янг, Джеффри Холл және Майкл Росбашқа берілді. Швеция астанасы Стокгольмдегі Каролина институтының хабарлауынша, сыйлық ғалымдарға циркадты ырғақты бақылап отыратын молекулярлық механизмдерді ашудағы еңбегі үшін берілген. "Олар адам ағзасындағы биологиялық сағатты тереңдей зерттеп, оның жұмысын түсіндіре алды" деп хабарлады Нобель сыйлығын тағайындау комитеті. ғалымдар күнделікті қалыпты биологиялық ырғағын реттеп отыратын генді тапқан.

Росбаш Массачусетстегі Брандейс университетінде, Янг Нью-Йорктегі Рокфеллер университетінде, ал Холл Майн университетінде жұмыс істейді.

Циркадты ырғақтар адам физиологиясын тәуліктің түрлі фазаларына бейімдейді, адамның ұйқысына, мінез-құлқына, гормондарының деңгейіне, дене температурасына және зат алмасу процесіне ықпал етеді.

Холл, Росбаш және Янг бұл салада 1980 жылдардан бері зерттеу жүргізіп келеді.

XS
SM
MD
LG