Accessibility links

Facebook АҚШ-та 2016 жылы өткен президент сайлауына дейін және одан кейін Ресеймен байланысы бар саяси жарнамаларды әлеуметтік желіде шамамен 10 миллионнан астам қолданушы қарағанын мәлімдеді.

Facebook 2 қазанда АҚШ Конгресінің 216 жылғы президент сайлауына Ресейдің ықтимал килігуін тергеп жатқан үш комитеті - сенат пен өкілдер палатасының барлау комитеттеріне және сенаттың заңнама комитетіне 3 мыңға жуық жарнаманы берді.

Facebook компаниясының вице-президенті Эллиот Шраге блогында "жарнамалардың көпшілігі ЛГБТ мәселесінен бастап иммиграция және қару-жарақ ұстауға рұқсат беруге дейінгі мәселелерді қамтитын, бөлініс тудыратын әлеуметтік және саяси тақырыптарға арналғанын" жазды.

Facebook 2 қазан күні бұдан ертерек болашақта сайлауға килігу мақсатында адамды шатастыратын жарнамалардан сақтандыру үшін бір мыңнан астам адамды қосымша жұмысқа алатынын жариялаған.

Компанияның ғаламдық саясат жөніндегі вице-президенті Джое Каплан жарнамалардың Internet Research деп аталатын ресейлік компаниямен байланысы барын айтты. Оның сөзінше, ол жарнамалар жалған аккаунттардан түсіп отырғандықтан Facebook-тің ішкі қағидаларын бұзған.

Facebook жарнамалар 2015-2017 жылдары жарияланғанын және олардың 44 пайызы сайлауға дейін көрілгенін хабарлады. Жарнамалардың кейбірінің қаржысы Ресей рублі арқылы төленген.

АҚШ арнайы қызметі Ресейді АҚШ-тағы сайлауға республикашыл кандидат Дональд Трамптың демократ қарсыласы Хиллари Клинтонды жеңуіне ықпал ету үшін киліккен деп айыптайды. Бірақ Мәскеу ол айыпты жоққа шығарады.

Пікіріңіз

Оқырман пікірлері

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG