Accessibility links

Ақтөбе облысында әйел теолог жұмыс істей бастады


Ақтөбе облысының Темір ауданында "теріс діни ағымды ұстанатын әйелдерді дәстүрлі дінге қайтару үшін" әйел теолог қызметіне кірісті деп хабарлады сейсенбіде облыстық әкімдікте өткен баспасөз мәслихатында аудан әкімі Асқар Жүсібалиев.

Аудан әкімінің өзіне қарағанда, Темір ауданында "теріс діни ағымды ұстанатын" екі жүзге жуық әйел бар, бірақ аудандағы діни ахуал тұрақты. Оны жақсарта түсу үшін жуырда аудандық ішкі саясат бөлімінің жанынан арнайы мекеме ашылып, жұмысына биыл бюджеттен 4 миллион теңге бөлінген. Әкім коммуналдық мекеменің негізгі міндеті - жастар арасындағы діни ахуалды жақсарту екенін айтады.

- 2017 жылдың қаңтар айында Темір ауданында теріс діни ағым жетегінде жүрген 509 адам бар болатын. Қазір олардың саны 468. Бұл - жергілікті теологтардың тынымсыз жұмысының арқасы, - дейді Асқар Жүсібалиев.

Аудан әкімінің дерегінше, Темір ауданының 295 тұрғыны баласына вакцина салдырудан бас тартқан. Бұл адамдардың 54-інің дінге қатысы жоқ, балаларының түрлі сырқаттары бар. Ал өзгелері вакцинадан діни көзқарасына орай бас тартып отырғандар.

AzattyqTV

"АрселорМиттал Теміртау"

Шахтадағы шерулер тарихы

XS
SM
MD
LG