Accessibility links

Алматы облысында санитарлық авиация ұшағының апатқа ұшырау себептерін анықтау үшін инвестиция және даму министрлігі арнайы комиссия құрды. Инвестиция және даму министрі Жеңіс Қасымбектің Facebook-те хабарлауынша, вице-министр Роман Скляр бастаған комиссия мүшелері оқиға орнына шығып кеткен. Министр ұшақ апатының себептері жақын уақытта анықталатынын айтады.

Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі де еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті қайғылы оқиғаны тексеретін комиссия құрғанын хабарлады. Министрлік ақпаратына қарағанда, комиссия жетекшісі, бас мемлекеттік еңбек инспекторы Ақмәди Сарбасов қазір оқиға орнында жүр.

3 қазан күні кешке Алматыдан Шымкентке ауыр жағдайда жатқан жас босанған әйелге көмек көрсетуге ұшып шыққан санитарлық авиацияның Ан-28 ұшағы апатқа ұшырап, борттағы бес адам түгел қаза тапқан. Ресми мәлімет бойынша, ұшақ Алматыдан 28 километр ұшып шыққан соң радардан жоғалып кеткен. Кейін ұшақ Алматы түбінде, Іле ауданында апатқа ұшырап, жанып жатқан күйі табылған. Ұшақ электр бағандарының сымдарын үзіп барып құлаған.

Апат құрбандарының үшеуі - экипаж мүшелері, екеуі - акушер-гинеколог дәрігер мен реаниматолог дәрігер.

Пікіріңіз

Оқырман пікірлері

AzattyqTV

АҚШ-ты көру арманы

Ағылшын тілін 72 жаста оқу

XS
SM
MD
LG