Accessibility links

Шәкіров: Балаларға арналған сенім телефондары туралы есеп жоқ


Азия-Тынық мұхиты аймағындағы балаларға аймақтық кеңес беру жөніндегі жиын. Астана, 4 қазан 2017 жыл.
Азия-Тынық мұхиты аймағындағы балаларға аймақтық кеңес беру жөніндегі жиын. Астана, 4 қазан 2017 жыл.

Қазақстаннң адам құқығы жөніндегі уәкілі Асқар Шәкіров елдегі сенім телефондарының қызметіне қатысты ешқандай есеп жоғын айтты. Астанада өткен Азия-Тынық мұхиты аймағындағы балаларға аймақтық кеңес беру жиынында сөйлеген Шәкіров қазір Қазақстанда екі сенім нөмірі - 111 және 150 нөмірлері барын айтты.

- Мәселе қоңырау шалынып, өз-өзіне қол салудың алды алынғанында емес. Адамды суицидтен тоқтату - бір мәселе, ал ол мұндай қадамға барғаннан кейін не істелді - ол басқа мәселе. Сондықтан ол әлеуметтанушымен немесе психологпен сөйлесті, оның өзгеріп кеткені екіталай боуы мүмкін, бұдан да терең себептері бар шығар? Бұған байланысты мектепте не істелді, ата-анасы не істеді, құқық қорғаушылар не істеді? - деді Асқар Шәкіров.

Қазақстандағы дағдарыс орталықтары одағының жетекшісі Зүлфия Байсақованың сөзінше, балалар мен жасөспірімдерге арналған қысқа 150 нөміріне 2005 жылдан бері 1,5 миллионнан астам қоңырау түскен. Олардың 43 мыңнан астамы балалар мен жасөспірімдер құқығының бұзылуына байланысты болған. Қоңырау шалғандардың 68 пайызы - қыздар мен әйелдер.

3 қазанда Астанада орталық коммуникациялар орталығында өткен брифингте балалар құқығы бойынша уәкіл, мәжіліс депутаты Зағипа Балиева Қазақстанда сенім телефоны арқасында 103 өз-өзіне қол салу оқиғасының алды алынғанын мәлімдеген.

  • 16x9 Image

    Светлана ГЛУШКОВА

    Светлана Азаттықтың Астана бөліміндегі тілші болып 2010 жылдан бастап істей бастады. Жоғары білімді ҚарҰУ-де алған. Жеті жыл қалалық жәнереспубликалық арналарда тілші және редактор ретінде тәжірибе жинаған.

XS
SM
MD
LG