Accessibility links

"Төлешов ісінде" тағы бір адамға үкім шықты


Шымкенттегі Еңбекші аудандық соты.
Шымкенттегі Еңбекші аудандық соты.

Бүгін Шымкенттің Еңбекші аудандық соты "Тоқтар Төлешов ісіндегі" мемлекеттік қызметкер Светлана Лукинаға үкім шығарып, 4 жыл шартты жаза тағайындады. Бұл туралы Азаттыққа аудандық сот судьясы Қайрат Ізбасаров мәлім етті.

"Светлана Лукина Қылмыстық кодекстің 245-бабының 3-бөлігі ("Ұйымдарға салынатын салықты және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлеуден жалтару") және 250-бабының 1-бөлігімен ("Өкiлеттiктердi терiс пайдалану") айыпты деп танылып, төрт жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды. Үш жылға коммерциялық ұйымдарда басшылық қызмет атқаруына шектеу қойылды" дейді судья.

29-қыркүйек күні сот "Тоқтар Төлешов ісі" бойынша айыпталған Мадияр Мұсаевтың бас бостандығын үш жылға шектеп, өмір бойы мемлекеттік қызметте істеу құқығынан айыруға үкім шығарған.

Қайрат Ізбасаровтың айтуынша, 35 жастағы Мадияр Мұсаев Қылмыстық кодекстің 361-бабының 2-бөлігімен ("Лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану") айыпты деп танылған.

Мадияр Мұсаев рақымшылық заңы қолданылып, негізгі айыбынан босатылған.

Прокуратураның келісімімен мемлекеттік қызметкерлердің ісі Тоқтар Төлешовтың ісінен жеке қаралатын болған.

XS
SM
MD
LG