Accessibility links

Ресей қалаларында Навальныйды қолдау акцияларына рұқсат бермеді


Ресей оппозициялық саясаткері Алексей Навальный Мәскеу сотында. 2 қазан 2017 жыл.
Ресей оппозициялық саясаткері Алексей Навальный Мәскеу сотында. 2 қазан 2017 жыл.

Ресейдің бірқатар қаласында билік 7 қазанда Алексей Навальныйды қолдауға арналған акция өткізуге тыйым салды. Ал Мәскеу мэриясы қала орталығында митинг өткізуді сұраған бес өтінішті бірдей кері қайтарған.

"Ұйымдастырушылар өтініште акция өткізу үшін Мәскеудің бірнеше ауданын сұраған. Бірақ ол орындардың бәрі бос болмайды деген себеппен қабылданбаған" деп хабарлайды ТАСС.

Санкт-Петербург билігі де 7 қазанда акция өткізуге тыйым салды.

Калуга, Кемерово, Воронеж және Томск қалаларының билігі тіпті пикет өткізуге рұқсат бермеген.

Қазір Навальныйдың жақтастары тек Екатеринбургте пикет өткізуге ресми түрде рұқсат алған.

Навальный мен оның сайлауалды штабының жетекшісі Леонид Волков абақтыда отыр. Олар 2 қазанда сот шешімімен халықты заңсыз митингке шығуға шақырды деген айыппен 20 тәулік әкімшілік қамауға алынған.

XS
SM
MD
LG