Accessibility links

Прокуратура: Түркиялық оқытушылар Қазақстанда қалуға өтініш білдірмеген


Астанадағы қазақ-түрік лицейлерінің бірі (Көрнекі сурет).
Астанадағы қазақ-түрік лицейлерінің бірі (Көрнекі сурет).

Қазақстандағы түркиялық мұғалімдер өздеріне Қазақстанда қалуына рұқсат сұрап "өтініш білдірмегенін" мәлімдеді деп хабарлайды бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжановқа сілтеме жасаған жергілікті агенттіктер.

Сенат жиынының арасында журналистер сұрағына жауап берген Ахметжанов Қазақстанда саяси баспана немесе азаматтық алу үшін өз азаматтың өз елінде нәсілдік, этникалық емесе саяси көзқарасы үшін қудалау көретіндей салмақты себептері болуы тиіс екенін айтты.

"Азаматтық беретін уәкілетті органдар бар, азаматтық беруге болатын шарттар бар. Егер миграциялық полиция өтінішті қабылдамаса, онда ол үшін сотқа немесе басқа да органдарға шағымдануға болады. Егер негізсіз болса, онда тиісті шаралар қабылданады" деді

Қазақстанда соңғы уақытта қазақ-түрік бірлескен оқу орындарында сабақ беретін мұғалімдер мен оқытушылардың осы елде тұруға рұқсат беретін визаларын ұзарта алмай, республикадан кетуге мәжбүр болып жатқаны айтыла бастаған. Жергілікті органдар визаларын ұзартпайтынын, Түркияға қайтсақ қуғын көреміз деп қауіптенетінін айтады.

Түркиялық оқытушылар виза алу қиындығы соңғы бір жылда пайда болғанын, мұның Түркия президенті Режеп Ердоған мен Фетхулла Гүлен екеуінің тартысымен байланысы болуы мүмкін деп санайды. 2016 жылы Түркияда болған "қарулы төңкеріс жасауға талпыну әрекетінен кейін" Түркия президенті өзінің бұрынғы серіктесі, кейінгі қарсыласы Фетхулла Гүленді айыптап, оның жақтастары деп саналған адамдарды жаппай қуғындай бастағаны жайлы ақпарат жиі тараған.

Оқыңыз: Назарбаевтың "Түркияға бермейтін" мұғалімдері кетуге мәжбүр

Марат Ахметжановтың сөзіне қарағанда, азаматын қайтаруды сұратып отырған мемлекет оның өз елінде және біздің елімізде бірдей жазаланатын қылмыс жасағанын дәлелдеуі тиіс. Яғни, оны саяси мақсатпен емес, қылмыс жасағаны үшін сұрап отырғаны дәлелденуі керек.

XS
SM
MD
LG