Accessibility links

Ресей мен Сауд Арабиясы қарым-қатынасты нығайтуға мүдделі


Сауд Арабиясының королі Салман бен Абдел Әзиз әл-Сауд Ресей президенті Владимир Путинмен кездесіп тұр. Мәскеу, 5 қазан 2017 жыл.
Сауд Арабиясының королі Салман бен Абдел Әзиз әл-Сауд Ресей президенті Владимир Путинмен кездесіп тұр. Мәскеу, 5 қазан 2017 жыл.

Ресей президенті Владимир Путин Кремльде Ресейге бірінші рет ресми сапармен барған Сауд Арабиясының королі Салман бен Абдел Әзиз әл-Саудты қабылдады.

Путин Салманмен кездесуінде оның сапарын "айтуға тұрарлық" оқиға деп атады. "Сіздің сапарыңыз мемлекетаралық байланыстарды дамытуға жақсы түрткі болатынына сенімдімін" деді Ресей президенті.

Сауд Арабиясының королі оған "Біз қарым-қатынасымызды бейбітшілік пен қауіпсіздіктегі мүддеміз және әлемдік экономиканы дамытудағы мүддеміз тұрғысынан нығайтуға тырысамыз" деп жауап берді.

Путин мен 81 жастағы король кездесуінің қорытындысы бойынша өткен брифингте Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров тараптардың "үкіметаралық және ведомствоаралық келісімдерге және ірі ауқымдағы коммерциялық жобаларға қол қойғанын айтты. Сауд Арабиясы жасалған келісімдер арасында Ресейден С-400 әуе қорғанысы жүйесін, танкіге қарсы қолданылатын қарулар мен бірнеше зымыран қондырғыларын сатып алу туралы келісім барын хабарлады.

XS
SM
MD
LG