Accessibility links

Пәкістанда көлік апатынан кемінде 14 адам өлген


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Бүгін Пәкістанның батысындағы Белуджистан аймағында жолаушылар автобусы фургонға соғылған. Көлік апатынан кемінде 14 адам қаза тауып, 27 адам зардап шеккен.

Жергілікті билік орындарының хабарлауынша, Кветта қаласынан шыққан автобуста негізінен табиғат аясында демалуға бара жатқан жастар отырған.

Алдын ала мәлімет бойынша, қатты жылдамдықпен келген фургон жолдың қарсы бағытына шығып кетіп, автобусқа бетпе-бет соғылған.

XS
SM
MD
LG