Accessibility links

Атамбаевтың қазақ билігі жайлы сөзіне Астана наразылық білдірді


Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев (оң жақта) пен Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.
Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев (оң жақта) пен Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан сыртқы істер министрлігі Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаевтың 7 қазанда қазақ билігін сынап айтқан сөзіне наразылық білдіретіні туралы мәлімдеме таратты.

"Қазақстан Республикасының сыртқы істер министрлігі қырғыз БАҚ-тарында таратылған 2017 жылғы 7 қазандағы Қырғыз республикасының президенті Алмазбек Атамбаевтың Қазақстан Республикасының басшылығына қатысты сөздеріне байланысты қатаң наразылық білдіреді және мұндай сөздерге екі достас мемлекеттер арасындағы қатынастарда жол берілмеуі тиіс деп санайды", - делінген мәлімдемеде.

Астана Атамбаевтың сөзін Қырғызстандағы президент сайлауы науқанымен байланыстырған.

"Қырғызстан президентінің сайлау алды мақсатындағы жауапсыз, арандатушылық мәнді және жалған пікірі елдеріміз арасындағы достық пен өзара көмектің көпғасырлы байланыстарына нұқсан келтіре алмайтынына сенім білдіреміз", - дейді Қазақстан СІМ.

Бүгін Бішкек түбіндегі Ала-Арча мемлекеттік резиденциясында Қырғызстанның дамуына қосқан үлесі үшін марапатталған ел азаматтарына мемлекеттік наградалар тапсыру рәсімінде сөйлеген сөзінде Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев Қазақстан билігін "қырғыз сайлауына килігіп отыр" деп сынаған. Ол "Қазақстанның жоғарғы билігіндегілер Қырғызстанның 2010 жылы қызметінен қуылған бұрынғы президенті Құрманбек Бакиевті қолдап, оның іс-әрекетін дұрыс санайды" деп мәлімдеген.

Президент Алмазбек Атамбаевтың 7 қазандағы сөзі:

Қырғыз президенті Алмазбек Атамбаев қазақ билігін сынады
please wait

No media source currently available

0:00 0:07:23 0:00

Қырғызстан соңғы екі аптадан астам уақыт ішінде қырғыз президенті сайлауына байланысты Қазақстанның атына осымен екінші рет сын айтып, оған Астана жауап беріп отыр. 19 қыркүйекте Қазақстан президентінің ресми сайты ел президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қырғызстанның "Республика - Ата-Жұрт" фракциясының басшысы Өмірбек Бабановпен кездескені туралы ақпарат жариялаған. Оны "Қазақстанның Қырғызстанның ішкі ісіне араласуға тырысуы" деп бағалаған Бішкек Астанаға наразылық нотасын жолдаған. Қазақстан жағы да Қырғызстанға жауап нота жіберіп, Бішкектің айыптауын жоққа шығарған.

Оқыңыз: Қазақстан мен Қырғызстан нота жазысып жатыр
XS
SM
MD
LG