Accessibility links

Лондонда көлік қаққан адамдардың өміріне қауіп жоқ


Лондондағы жаратылыстану мұражайының жанында тұрған полиция қызметкерлері. 7 қазан 2017 жыл.
Лондондағы жаратылыстану мұражайының жанында тұрған полиция қызметкерлері. 7 қазан 2017 жыл.

Лондонда сенбі күні жаратылыстану мұражайының жанындағы тротуарға шығып кеткен автокөліктен 11 адам зардап шегіп, тоғызы ауруханаға жеткізілген. Негізінен басы мен аяғынан жарақат алған олардың өміріне қауіп төніп тұрмағаны туралы хабарланды.

Лондон полициясы Оңтүстік Кенсингтон ауданындағы Экзибишн көшесінде болған жайтты "теракт емес, көліктің қатысуымен болған оқыс оқиға" деп бағалаған. Куәгерлердің сөзінше, тротуармен кетіп бара жатқан адамдарды автокөлікпен қағып кету оқиғасы болған жерде бір кісі ұсталған, бірақ полиция ол адам қамауға алынған жоқ дейді.

Ұлыбритания астанасында биыл жазда көпшілік орындарда бірнеше шабуыл жасалып, бейбіт адамдар қаза болған еді. 19 маусымға қараған түні Лондондағы мешіттің қасында фургон жаяу жүргіншіні қағып өлтіріп, 10 адамды жаралаған. Билік "теракт" деп атаған оқиғаға күдіктіні жергілікті тұрғындар ұстап, полицияға тапсырған. 3 маусымда Лондон көпірінде қатты жылдамдықпен келген фургон жаяу адамдарды басып өткен. Көліктен түсе сала көшедегі жұртқа пышақпен шабуылдаған үш адамды полиция атып өлтірген. Ол терактіден жеті адам қаза тауып, ондаған адам жараланған. Шабуыл жауапкершілігін "Ислам мемлекеті" экстремистік тобы мойнына алған.

XS
SM
MD
LG