Accessibility links

Дүйсенова: Зейнетақы - Қазақстанның ішкі мәселесі


Тамара Дүйсенова, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі.
Тамара Дүйсенова, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі.

Қазақстанның жалпы ішкі өнімінің (ЖІӨ) 4,2 пайызы әлеуметтік көмек пен қолдауға бөлінеді деп мәлімдеді еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова. Министр бұл жайында Астанада мәжілістегі үкімет сағатынан соң Азаттық тілшісінің Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаевтың екі елдегі зейнетақыны салыстырған мәлімдемесіне қатысты қойған сұрағына жауабында айтты.

Атамбаев 7 қазанда Бішкек маңындағы Ала-Арча мемлекеттік резиденциясында ел азаматтарына мемлекеттік наградалар тапсыру рәсімінде сөйлеген сөзінде Қырғызстан президенті сайлауына қатысып жатқан жекелеген кандидаттармен бірге Қазақстан билігін де сынаған. Ол Қазақстан ЖІӨ көлемі Қырғызстанның ЖІӨ көлемінен жиырма есе, жан басына шаққандағы табыс көлемі Қырғызстанмен салыстырғанда он есе көп екенін, бірақ Қазақстандағы зейнетақы көлемі өз Қырғызстандағы зейнетақыдан 1,5 пайыз ғана көп, ал тарифтер бес есе жоғары екенін айтқан. "Неге? Себебі Қазақстан байлығын тонап жатыр" деген Атамбаев.

Қырғыз президенті Алмазбек Атамбаев қазақ билігін сынады
please wait

No media source currently available

0:00 0:07:23 0:00

Тамара Дүйсенова әлеуметтік төлем көлемінің мәселесі Қазақстанның өз мәселесі екенін айтты. "Әлеуметтік төлем моны көлемі - әр мемлекеттің өзінің ғана ішкі мәселесі. Біз ешқашан басқа мемлекеттен олардағы төлем көлемі неге басқаша деп сұрамаймыз. Қазақстанда әлеуметтік көмек пен қолдауға ЖІӨ-нің 4,2 пайызы, Қырғызстанда бір пайызы бөлінеді. Қазір Қазақстандағы зейнетақы көлемі әріптестерімізден 2,6 есе көп. Біз бұл туралы айтып, сынамаймыз ғой, себебі ол әр елдің өз ішкі мәселесі" деді Дүйсенова.

Оның сөзінше, 1 қаңтардан бастап Қазақстанда зейнетақының базалық көлемі қайта қаралып, келесі жылы үш жарым есеге жетеді.

Қазақстан сыртқы істер министрлігі Атамбаевтың Қазақстан басшылығына қатысты сөзіне наразылық білдіріп, мәлімдеме жасаған.

XS
SM
MD
LG