Accessibility links

Наваз Шарифтің күйеу баласы Пәкістанға барған бойы ұсталды


Коррупцияға қарсы қызмет Наваз Шарифтің күйеубаласы Наваз Шарифті көлікке отырғызып әкетіп барады. Исламабад, 9 қазан 2017 жыл.
Коррупцияға қарсы қызмет Наваз Шарифтің күйеубаласы Наваз Шарифті көлікке отырғызып әкетіп барады. Исламабад, 9 қазан 2017 жыл.

Пәкістанның коррупцияға қарсы қызметі бұрынғы премьер-министр Наваз Шарифтің күйеу баласы Мухаммад Сафдарды коррупция ісі бойынша ұстады.

Министр Талал Чаудри Мухаммад Сафдар 9 қазанда Исламабад әуежайында Лондоннан ұшып келген бойы ұсталғанын айтты. Сафдар әйелі Мариям Навазбен бірге коррупцияға қарсы сот алдына келтірілерден бірнеше сағат бұрын қамауға алынды. Мариям Наваз ұсталған жоқ және кейін сотқа қатысты.

9 қазанда коррупция ісі бойынша сотқа Наваз Шарифтің өзі де тартылмақ. 2 қазанда сот Наваз Шарифке ресми айып тағуды бір апта кейінге қалдырған.

28 шілдеде Пәкістан Жоғарғы соты Наваз Шарифті коррупциялық қылмысқа қатысы бар деп айыптап, премьер-министр қызметінен босатқан. Премьер-министр мен оның отбасына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Шарифке қатысты іс 2016 жылы сәуірде Панамадағы Mossack Fonseca фирмасы құпия құжаттарын жариялаған соң қозғалған. Ол құжаттарда Шарифтің екі ұлы мен қызының кем дегенде үш офшорлық компанияның иесі екені жазылған.

Шариф өзіне қатысты айыптауды жоққа шығарады.

XS
SM
MD
LG