Accessibility links

Калифорнияда өрттен 10 адам қаза тапты


Калифорния штатында болған өрт. АҚШ, 17 шілде 2017 жыл (Көрнекі сурет).
Калифорния штатында болған өрт. АҚШ, 17 шілде 2017 жыл (Көрнекі сурет).

АҚШ-тың Калифорния штатында шарап өндірісі алқабында болған өрттен 10 адам қаза тапты. Жел тұрып, өрттің күшеюінен 20 мыңға тарта адам эвакуацияланды, жүздеген үй мен кәсіпорынға залал келтірілді.

Штат губернаторы Джерри Браун штаттың солтүстік бөлігінде орналасқан, шарап өндірісімен аты шыққан Напа, Сонома және Юба округтерінде төтенше жағдай жариялады.

Өрттен жақын маңдағы территорияларды қою түтін басып, ол Сан-Франциско мен Оклендке қарай көше бастаған.

Калифорнияның жол патрульдік қызметі өрт болған ауданда көлік қозғалысы тоқтатылғанын хабарлады.

XS
SM
MD
LG