Accessibility links

Өзбекстанмен арада автобус қатынасын ашатын құжат мақұлданды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Қазақстан парламентінің сенаты Өзбекстанмен көлік қатынасы туралы келісімге түзетулер енгізу туралы хаттаманы мақұлдады. Жергілікті агенттіктердің хабарлауынша, хаттамада екі ел арасында автобуспен жолаушылар тасымалдау маршруттарын ашу қарастырылған.

Құжатты парламентте таныстырған индустрия және даму министрі Жеңіс Қасымбек қазір Қазақстан мен Өзбекстан арасында автобуспен жолаушылар тасымалданбауы шекарадан өтерде қолайсыздықтар тудырады.

"Осыған байланысты биыл Шымкент пен Ташкент арасында, ал келесі жылы екі елдің басқа да ірі қалалары арасында тұрақты қатынайтын автобус маршруттарын ашуды жоспарлап отырмыз" деді Қасымбек. Оның сөзінше, хатаманы мақұлдау екі жақты қарым-қатынастардың нығаюына және сауда-экономикалық байланыстардың дамуына септеседі.

XS
SM
MD
LG