Accessibility links

Қырғызстан шекарасында кезек азаймай тұрғаны хабарланды


Қырғызстанның Қазақстанмен шекарасындағы "Ақ Жол" өткізу бекеті. 12 қазан 2017 жыл.
Қырғызстанның Қазақстанмен шекарасындағы "Ақ Жол" өткізу бекеті. 12 қазан 2017 жыл.

Қырғызстанның Қазақстанмен шекарасындағы "Ақ Жол"өткізу бекетінде кезек азаймай тұр. Бекетте тұрған көлік жүргізушілері қазақстандық шекарашылар жарты сағатта бір ғана көлікті өткізіп жатқанын айтады. Бұл жайында өткізу бекетінен Азаттықтың Қырғыз редакциясының тілшісі хабарлады.

Жүк көліктерінің жүргізушілері Қазақстанға алып келе жатқан, тез бұзылатын азық-түліктеріне алаңдайды. Жолаушылар шекарадан өткен соң басқа көліктерге отырып жатыр.

Қырғызстан мемлекеттік шекара қызметінің мәліметінше, 11 қазан күнгі сағат 23-тен бастап Қазақстан жағы азаматтарды өткізу процедурасын жеделдетіп, нәтижесінде бір жарым сағатта барлық адам өткізілген. Бірақ 12 қазан күнгі сағат 8-ден бастап қазақстандық шекарашылар өткізуді баяулатқан, осыған байланысты "Ақ Жол" бекетінде кісі мен көлік кезегі қайта көбейген.

11 қазан күні кешке қырғызстан үкіметі Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев келіссөзден соң үкіметке шекарадағы жағдайды реттеуді тапсырғанын хабарлаған.

Қазақстанмен шекарадағы кезек 10 қазанда пайд болған. Қырғызстан мемлекеттік шекара қызметінің мәліметінше, Қазақстан шекарадан өту тәртібін күшейтіп, салдарынан бекетте кезек пайда болған.

Қазақстан ҰҚК 11 қазан күні кешке республика шекарасында "жоспарлы шекара операциясын" жүргізіп жатқанын хабарлаған.

XS
SM
MD
LG