Accessibility links

Түркіменстан президенті су бағасын қымбаттатуды тапсырды


Гурбангулы Бердімұхамедов, Түркіменстан президенті.
Гурбангулы Бердімұхамедов, Түркіменстан президенті.

Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов су, газ және электр энергиясы үшін халыққа берілген жеңілдікті алып тастауға тапсырма берді. Reuters агенттігінің хабарлауынша, бұл шара елде су бағасының 25 есеге өсуіне әкеліп соқтырады.

Гурбангулы Бердімұхамедовтің жарлығы бойынша, осыған дейін жан басына 7,5 текше метр тегін беріліп келген су енді 1 қарашадан бастап 10 текше метрі бес манат (1,43 доллар) болады. Бердімұхамедов осы аптаның басында үкімет субсидияны біртіндеп қысқартатынын мәлімдеген.

"Мемлекет қаржысын ұқыпты, үнемді және тиімді пайдаланатын уақыт жетті" деген Бердімұхамедов.

Түркіменстан басшысы коммуналдық төлемдер енгізу арқылы жеті жылға арналған, құны 69 миллиард доллар болатын инвестициялық бағдарлама жүзеге асырылатынын айтты. Оның ішінде 45 миллиард доллар энергетикалық секторға жұмсалады.

Түркіменстан халқы тұтынатын табиғи газ бен электр энергиясының біраз бөлігін әлі тегін, бір бөлігін жеңілдікпен алады.

XS
SM
MD
LG