Accessibility links

Қырғыз үкіметі "Исаков пен Назарбаевтың әңгімесін" түсіндірді


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Қырғызстан премьер-министрі Сапар Исаков. Сочи, 11 қазан 2017 жыл.

Қырғызстан үкіметі Қазақстан премьер-министрі баспасөз қызметінің қырғыз премьер-министрі Сапар Исаковтың Сочиде Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен "шекарадағы жағдайды талқылағанын" жоққа шығарған мәлімдемесіне жауап берді.

Қырғызстан үкіметінің баспасөз қызметі премьер-министр Сапар Исаков Facebook-тегі парақшасында өзінің Нұрсұлтан Назарбаевпен шекарадағы тексеру және өткізу бекетіндегі жағдай туралы сөйлескені туралы жазғанын хабарлады. Исаков жазбасында "текі жақты келіссөз жүргізілді" деген мағынада ешнәрсе айтпаған.

"Әңгіме кезінде Нұрсұлтан Назарбаев түсіністік танытып, туындаған барлық сұрақты шешуге тиісті тапсырма беретінін айтты" делінген үкімет ақпаратында.

Қырғызстан үкіметі Қазақстан тарапы шекарадағы жоспарлы операциясын қысқа мерзімде аяқтап, тексеру және өткізу бекетіндегі жұмыс қалыпты режимге түсетініне сенім білдіреді.

Қырғыз үкіметінің мәліметінше, Сочиде өткен Жоғары Еуразия экономикалық ынтымақтастығы кеңесінің жиынында Исаков Қазақстан президентіне мәселені жедел және оң шешкені үшін алғыс білдірген. Назарбаев оған жауап ретінде қырғыз халқына және екі жақты қарым-қатынастардың дамуына көмек көрсетуге үнемі дайын екенін білдірген.

12 қазанда Қазақстан премьер-министрінің вебсайтында Қырғызстан премьерінің бір күн бұрын "Қазақстан президентімен қазақ-қырғыз шекарасындағы ахуалды талқылағаны туралы" мәлімдемесін терістейтін ақпарат жарияланған.

Бұған дейін Қырғызстан премьер-министрі Сапар Исаков 11 қазанда Facebook парақшасында Сочиде өткен ТМД саммиті кезінде Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа қазақ-қырғыз шекарасындағы ахуал туралы баяндағанын хабарлаған.

10 қазаннан бері екі ел арасындағы шекара бекетінде ұзын-сонар кезек пайда болып, Қазақстан тарабы тексеру амалдарын күшейткен болатын.

AzattyqTV

AzatNews 19.02.2019
please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:14:53 0:00
XS
SM
MD
LG