Accessibility links

Reuters: ИМ содырлары Ракканы тастап шықпақ


Сирия демократиялық оппозициясы жауынгері. Ракка, 8 қазан 2017 жыл.
Сирия демократиялық оппозициясы жауынгері. Ракка, 8 қазан 2017 жыл.

"Ислам мемлекеті" (ИМ) террорлық ұйымының содырлары қоршауға түскен Ракка қаласын 15 қазан күні кешке тастап шығады. Мұндай келісім ИМ содырлары мен Сирия демократиялық оппозициясы күштері арасында жасалған. Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады.

Агенттік мәліметіне қарағанда, радикалдық исламистер 400 бейбіт тұрғынды кепіл ретінде алып кетпек. Қалада ИМ-нің шетелдік содырлары қалады. Алайда олардың нақты саны белгісіз.

Жақында президент Башар Асадты қолдайтын Сирия әскері ИМ содырларынан елдің шығысындағы Эль-Маядин қаласын босатқаны белгілі болды. Ракканы азат еткеннен кейін ИМ содырлары қолында Сирияның оңтүстік-шығыс қиыры ғана қалады.

2014 жылдан бері Сириядағы содырлармен күресті АҚШ бастаған халықаралық коалиция жүргізіп келеді. Коалиция Сирия демократиялық оппозициясы жасақтарын қолдайды. Ресей Сириядағы әскери науқанын 2015 жылдың 30 қыркүйегінде бастаған. Коалиция Мәскеуде Сирия президенті Башар Асадты қолдайды деп бірнеше рет айыптаған. Асадты Батыс елдерін адам құқықтарын жаппай бұзды деп кінәлайды.

XS
SM
MD
LG