Accessibility links

Әлемдік қауымдастық Сомалидегі шабуылды айыптады


Сомали астанасы Могадишудің орталығында болған жарылыс орны. 15 қазан 2017 жыл.
Сомали астанасы Могадишудің орталығында болған жарылыс орны. 15 қазан 2017 жыл.

БҰҰ бас хатшысы Антонио Гутерриш пен басқа да әлем елдерінің басшылары Сомали астанасы Могадишуда 276 адам құрбан болып, 300 адам жараланған шабуылды айыптады.

Гутерриш 15 қазанда Twitter-де шабуылдан "есеңгіреп қалғанын" жазып, терроризмен күресте бірігуге" шақырды.

14 қазанда Могадишудің бизнес орталықтары орналасқан ауданында жүк көлігіне жасырған бомба жарылған. Сомали билігі шабуыл құрбандарының саны артуы мүмкін екенін айтады.

Сомали билігі шабуылды "Әл-Қаида" және "Әл-Шабаб" эестремистік ұйымдарының содырларынан көріп отыр. Бірақ бұл екі ұйым да "әзірге шабуыл жауапкершілігін мойнына алған жоқ.

АҚШ, Ұлыбритания мен Франция басшылары, Африка елдері одағының комиссиясы да шабуылды айыптады.

XS
SM
MD
LG