Accessibility links

Бішкек: Қазақстанмен шекарада жүздеген көлік жиналып тұр


Қырғызстанның Талас облысындағы Қазақстанмен шекарадағы "Чоң-Капка" шекара бекетінде жиналып тұрған көліктер. 14 қазан 2017 жыл.

Қырғызстан мен Қазақстан шекарасындағы өткізу бекетіндегі ахуал әлі өзгерген жоқ деп хабарлады осы елдің мемлекеттік шекара қызметіне сілтеме жасаған Азаттықтың Қырғыз редакциясы хабарлады.

Шекара қызметінің мәліметінше, қазір "Ақ-Тілек" бекеті мен Талас облысындағы "Чоң-Капка" бекеттерінің әрқайсысында 300-ге жуық жеңіл және жүк көліктері Қазақстан жағына өте алмай тұр.

Қазақстанмен арадағы шекара арқылы қатынау 10 қазан күні қиындаған. Қырғызстан шекара қызметінің мәліметіне қарағанда, сол күні кешкі сағат 18:00-ден бастап Қазақстан шекарадан өткізуді қиындатқан. Мұнан соң бірнеше күн шекарада ұзын сонар кезектер пайда болған.

Шекарадан өте алмай тұрғандардың біразы мұны Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаевтың Қазақстан билігі атына айтқан сынымен байланыстырған.

Қазақстан шекара қызметі 11 қазанда мемлекеттік шекарада "жоспарлы шекара операция жүргізіліп жатқанын" хабарлаған.

ВИДЕО: Қазақстанның Қырғызстанмен шекарасындағы кезек:

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG