Accessibility links

Путин Жээнбековті сайлаудағы жеңісімен құттықтады


Ресей президенті Владимир Путин мен Қырғызстан президенті сайлауынан үміткер Сооронбай Жээнбековтің Қырғызстан премьер-миинстрі болып тұрғандағы кездесуі. Бішкек, 28 ақпан 2017 жыл.
Ресей президенті Владимир Путин мен Қырғызстан президенті сайлауынан үміткер Сооронбай Жээнбековтің Қырғызстан премьер-миинстрі болып тұрғандағы кездесуі. Бішкек, 28 ақпан 2017 жыл.

Ресей президенті Владимир Путин Қырғызстан президенті сайлауында жеңіп тұрған кандидат, социал-демократ Сооронбай Жээнбековті "Қырғызстан президенті болып сайлануымен" құттықтады.

Кремльдің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Путин Жээнбековке жолдаған жеделхатында "дауыс беру қорытындылары Сооронбай Жээнбековтің отандастары арасында жоғары беделге ие екенін расқа шығарып, оның Қырғызстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы мәселелерін шешудегі еңбегі мойындалғанын көрсеткенін" айтты.

Путин Ресей Жээнбековтің Қырғызстанмен арадағы стратегиялық әріптестік пен одақтастық байланысын нығайтуға қосқан үлесін жоғары бағалайтынын білдірді.

15 қазанда Қырғызстанда президент сайлауы өтті. ОСК-нің соңғы мәліметі бойынша, Социал-демократиялық партиясының кандидаты Сооронбай Жээнбековке сайлаушылардың 54,81 пайызы дауыс берген. Оның басты қарсыласы, парламенттегі "Республика - Ата-Журт" фракциясының жетекшісі Омурбек Бабанов 34 пайызға жуық даусына ие болды.

XS
SM
MD
LG