Accessibility links

Қазақстан мен Қырғызстан премьерлері кездесті


Көрнекі сурет
Көрнекі сурет

Қазақстан премьер-министрінің ресми сайты 18 қазанда Бақытжан Сағынтаев қырғызстандық әріптесі Сапар Исаковпен кездескенін хабарлады. Қырғызстандық делегацияның құрамында премьер Исаковтан бөлек елдің бірінші вице-премьер-министрі Т.Абдығұлов, сыртқы істер министрі Э.Абдылдаев, қаржы министрі А.Қасымәлиев, экономика министрі А.Новиков, мемлекеттік кеден қызметінің төрағасы А.Сулайманов, мемлекеттік салық қызметінің төрағасы О.Абдыкаимов, экономикалық қылмыстармен күрес жөніндегі мемлекеттік қызмет төрағасы З.Осмонов, мемлекеттік көші-қон қызметінің төрағасы М.Айдаралиев, мемлекеттік шекара қызметі төрағасының орынбасары К.Исаков болған.

Мәлімдемеге сәйкес, үкімет жетекшілері жеке жүздескен. Одан кейін екі елдің министрліктері мен ведомстволары кеңейтілген құрамда келіссөздер жүргізген.

Премьер-министрдің вебсайты келіссөздер кезінде нақты қандай мәселе көтерілгенін анықтап жазбаған. Екі елдің арасындағы сауда көлемі 2017 жылдың қаңтар-шілде аралығында 400 миллион АҚШ долларына жуықтағанын, былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда 28 пайызға өскенін атап өткен.

Қырғызстандағы сайлау алдында және одан кейін елдің президенті Алмазбек Атамбаев қазақстандық әріптесі Нұрсұлтан Назарбаевты сынап, бірнеше мәлімдеме жасаған. Мұндай наразылыққа Назарбаевтың Қырғызстандағы сайлау алдында президентікке кандидаттардың бірімен кездескені себеп болған. Бұдан соң Астана қазақ-қырғыз шекарасынан өту тәртібін қатайтып, қырғызстандық әскериді тұтқындап, ал Бішкек Талас су қоймасының суын жіберетінін ескерткен.

Қазақ-қырғыз шекарасындағы қазіргі жағдай

AzatNews 17.10.2017
please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:16:57 0:00

XS
SM
MD
LG