Accessibility links

Қазақстан мен Өзбекстан арасында әуе қатынасы ұлғайтылмақ


"Узбекистон хаво йуллари" компаниясының ұшағы (Көрнекі сурет).
"Узбекистон хаво йуллари" компаниясының ұшағы (Көрнекі сурет).

"Эйр Астана" және "Узбекистон хаво йуллари" компаниялары Қазақстан мен Өзбекстан арасында әуе рейстерін көбейтуге келісті.

"Узбекистон хаво йуллари" компаниясының хабарлауынша, қазақстандық компаниямен Ташкенттен Алматыға, Астанаға және кері бағытта қатынайтын әуе рейстері санын көбейту туралы уағдаластық жасалған. Бұған қоса Қазақстан қалаларынан Өзбекстанның тарихи қалалары - Үргеніш, Бұхара және Самарқан қалаларына әуе қатынасы ашылады.

Сонымен бірге қазақ және өзбек компаниялары техникалық қызмет көрсету және ұшақтарды жөндеу жұмыстары бойынша әріптес болуға да келісті.

Қазір Ташкент-Алматы-Ташкент рейсі аптасына алты мәрте, Ташкент-Астана-Ташкент рейсі аптасына екі рет қатынайды.

XS
SM
MD
LG