Accessibility links

Бішкектегі "Дордой" базарының кәсіподағы сауда азайғанын мәлімдеді


Бішкектегі "Дордой" базары (Көрнекі сурет).
Бішкектегі "Дордой" базары (Көрнекі сурет).

Бішкектегі "Дордой" ірі көтерме және бөлшек сауда базары кәсіподағының жетекшісі Дамира Доолоталиева Қазақстанмен шекарадағы жағдайға байланысты сауда көлемінің күрт азайып кеткенін мәлімдеді. Оның сөзінше, сатып алушылар тәуліктеп тауарларын ала алмай отыр.

"Нарықта қазан-қараша әдетте сауда маусымы. Біз үкімет басшысына және президентке жағдайды баяндап үндеу жолдадық. Саулаудан соң жағдай жақсаратын шығар деп ойлағанбыз, керісінше болып шықты. Бұрын бізге күн сайын 10-15 автобус сатып алушы келіп жүрсе, соңғы аптада бар-жоғы үшеу ғана келетін болды" деді Доолоталиева Азаттықтың Қырғыз редакциясына.

Қырғызстандағы сайлау алдында және одан кейін елдің президенті Алмазбек Атамбаев қазақстандық әріптесі Нұрсұлтан Назарбаевты сынап, бірнеше мәлімдеме жасаған. Мұндай наразылыққа Назарбаевтың Қырғызстандағы сайлау алдында президентікке кандидаттардың бірімен кездескені себеп болған. Бұдан соң Астана қазақ-қырғыз шекарасынан өту тәртібін қатайтып, қырғызстандық әскериді тұтқындап, ал Бішкек Талас су қоймасының суын жіберетінін ескерткен.

Қырғызстандық тауар тасымалдаушылары шекарадағы тәртіптің қатаңдатылуы салдарынан туындаған бөгелістен тауарлары шекарада тұрып қалып, шығын тартып жатқандарын мәлімдеген.

Шекарадағы жағдайға байланысты Қырғызстан үкіметі 17 қазанда Дүниежүзілік сауда ұйымы мен Еуразия экономикалық одағына қайырылып, Қазақстан жағының ереже бұзып отырғанын мәлімдеген.

18 қазанда Қырғызстан премьер-министрі Сапар Исаков жұмыс сапарымен Астанаға келген. Қазақстан үкіметі Қырғызстан үкіметі делегациясымен екі жақты келіссөз өткізген соң 19 қазаннан бастап "шекарадан өтудің басым тәртібін" белгілегенін мәлімдеген.

Қазақ-қырғыз шекарасындағы қазіргі жағдай (17.10.2017)

AzatNews 17.10.2017
please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:16:57 0:00

XS
SM
MD
LG