Accessibility links

Тергеуге наразы ақтөбелік "бұзақылық" айыбы бойынша сотталмақ


Ақтөбе облыстық прокуратурасы (Көрнекі сурет)
Ақтөбе облыстық прокуратурасы (Көрнекі сурет)

Тергеу изоляторында наразылық ретінде кеудесіне тергеушінің аты-жөнін ойып жазып алған ақтөбелік Бауыржан Өнерзақ бұзақылық айыбы бойынша сотталмақ. Жергілікті агенттіктердің Ақтөбе облыстық прокуратурасы аппаратының жетекшісі Жасұлан Дәулембаевқа сілтеме жасап хабарлауынша, тергеу түнгі клубтағы төбелесте Бауыржан Өнерзақта пышақ болғанын дәлелдей алмаған.

"Бауыржан Өнерзаққа қатысты Қылмыстық кодекстің 293-бабы 2-бөлімі ("Топ адам болып бұзақылық жасау") бойынша қозғалған іс сотқа жіберілді. Күдіктінің іс-әрекетін 293-баптың 3-бөлімі бойынша дәрежелеу туралы қаулыны Ақтөбе прокуратурасы жойды. Себебі ол дәлелденбеді" деді Дәулембаев.

Ол сонымен қатар қылмысқа қатысты өзге күдіктілердің ісіне жеке өнжіріс ашылғанын және оған заң бұзушылықты жоюға қатысты ұйғарым жасалғанын айтты.

Биыл жазда түнгі клубта болған төбелестен соң күдікті ретінде қамауға алынған Өнерзақ тергеу абақтысында аштық жариялап, өзінің кінәсіз екенін айтып, тергеушінің фамилиясын кеудесін тілгілеп жазып алған. Кейін оны үйқамаққа шығарған. Өнерзқақтың туыстары оның 25 маусымда Ақтөбенің орталығындағы Strike түнгі клубы маңында төбелескендерді ажыратпақ болып, өзі де ілінісіп кеткенін айтады.

XS
SM
MD
LG