Accessibility links

Бішкек: "Ақ-Жол" шекара бекетінде көлік кезегі жоқ


Қырғызстанның Қазақстанмен шекарасындағы "Чоң-Капка" өткізу бекеті. 14 қазан 2017 жыл.
Қырғызстанның Қазақстанмен шекарасындағы "Чоң-Капка" өткізу бекеті. 14 қазан 2017 жыл.

20 қазандағы жағдай бойынша Қазақстан шекарашылары Қырғызстанмен шекарадан адамдар мен көліктерді жедел өткізіп жатыр деп хабарлады Қырғызстанның Мемлекеттік шекара қызметіне сілтеме жасаған Азаттықтың Қырғыз редакциясы. Бішкекке жақын "Ақ-Жол" өткізу бекетінде ондаған көлік кезегін күтіп тұр. Қырғызстанның шекара қызметі қазаққстандық шекарашылардың әр 10-15 минутта 20-25 адамды өткізіп жатқанын хабарлады.

Тоқмақ қаласына жақын "Ақ-Тілек" өткізу бекетінде шамамен 400 жүк көлігі кезекте тұр. Шекара қызметінің есебінше, қазақстандық шекарашылар сағатына сегіз көліктен өткізіп жатыр.

Талас облысындағы "Чоң-Капка" өткізу бекетінде 60-қа тарта жеңіл көлік, жолаушылар және жүк көліктері жиналған. "Чалдыбар" және "Тоқмақ" бекеттерінде іркіліс байқалмайды.

Қырғызстандағы сайлау алдында және одан кейін елдің президенті Алмазбек Атамбаев қазақстандық әріптесі Нұрсұлтан Назарбаевты сынап, бірнеше мәлімдеме жасаған. Мұндай наразылыққа Назарбаевтың Қырғызстандағы сайлау алдында президентікке кандидаттардың бірімен кездескені себеп болған. Бұдан соң Астана қазақ-қырғыз шекарасынан өту тәртібін қатайтып, қырғызстандық әскериді тұтқындап, ал Бішкек Талас су қоймасының суын жіберетінін ескерткен.

Қырғызстандық тауар тасымалдаушылары шекарадағы тәртіптің қатаңдатылуы салдарынан туындаған бөгелістен тауарлары шекарада тұрып қалып, шығын тартып жатқандарын мәлімдеген.

Фотогалерея: Қазақ-қырғыз шекарасындағы кезек (17.10.2017)

Шекарадағы жағдайға байланысты Қырғызстан үкіметі 17 қазанда Дүниежүзілік сауда ұйымы мен Еуразия экономикалық одағына қайырылып, Қазақстан жағының ереже бұзып отырғанын мәлімдеген.

18 қазанда Қырғызстан премьер-министрі Сапар Исаков жұмыс сапарымен Астанаға келген. Қазақстан үкіметі Қырғызстан үкіметі делегациясымен екі жақты келіссөз қорытындысында 19 қазаннан бастап "шекарадан өтудің басым тәртібін" белгілегенін мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG