Accessibility links

Мадагаскарда өкпе обасынан 94 адам қайтыс болған


Картадағы Мадагаскар мемлекеті.
Картадағы Мадагаскар мемлекеті.

Үнді мұхитындағы аралда орналасқан Мадагаскар мемлекетінде өкпе обасынан 94 адам қайтыс болған. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) дерегі бойынша, қауіпті індетті 1150 адам жұқтырған болуы мүмкін деген күдік бар, бірақ әзірше ол ақпарат ресми түрде расталмаған.

ДДҰ індет ошағы Мадагаскардың екі ірі қаласынан шыққаны туралы хабарлады. Мамандар індет тез тарап, көп адамға жұғуы мүмкін деп алаңдайды.

Халықаралық гуманитарлық ұйымдар Мадагаскарға шұғыл түрде антибиотиктер жөнелтіп жатыр.

ДДҰ індеттің Мадагаскардан тыс аймаққа таралу қаупі шамалы деп санайды.

XS
SM
MD
LG