Accessibility links

Қырғыз шекара қызметі: "Ақжол" бекетінде жүз шақты адам кезекте тұр


Қырғызстанның Қазақстанмен шекарасындағы "Ақжол-Автожол" бақылау-өткізу бекеті. 18 қазан 2017 жыл.
Қырғызстанның Қазақстанмен шекарасындағы "Ақжол-Автожол" бақылау-өткізу бекеті. 18 қазан 2017 жыл.

Қырғызстан мемлекеттік шекара қызметі Қазақстанмен шекарадағы "Ақжол-Автожол" бақылау-өткізу бекетінде жүзге жуық адам мен 40 шақты автокөлік жиналып қалғаны туралы хабарлады. Шекара қызметінің мәліметі бойынша, шекарадан әр 10-15 минут сайын 20-25 адам мен 10 көліктен өткізіп жатыр.

"Ақ Тілек" шекаралық бақылау-өткізу бекетінде 420-ға жуық автокөлік тұр, Қазақстан жағы сағатына алты көліктен өткізіп жатыр деп хабарлайды Қырғызстан шекара қызметі. "Чон-Капка" және "Чалдовар" бекеттерінде жиналған адамдар немесе көліктер байқалмайды.

10 қазаннан бастап Қазақстан тарабы қырғыз шекарасынан азаматтар мен көліктерді өткізу тәртібін күшейткен. Соның салдарынан Қырғызстанның Чу және Талас облыстарындағы бақылау-өткізу бекеттерінде адамдар мен автокөліктер жиналып, ұзақ уақыт кезекте тұруға мәжбүр болған. Әсіресе тез бұзылатын тағам өнімдерін таситын үлкен жүк көліктерінің жүргізушілері қатты зиян шеккен.

Оқыңыз: Қазақ-қырғыз үкімет тартысы көпке қиын тиді

18 қазанда Астанада өткен келіссөздер барысында екі елдің үкімет жетекшілері келесі күннен бастап жолаушы көліктері мен жүгі бар адамдарды шекарадан өткізуді жеңілдету туралы уағдаласқан. Кейінірек Қырғызстан премьер-министрінің бірінші орынбасары Толкунбек Абдыгулов делегацияның бір бөлігі келіссөздерді жалғастыру үшін Астанада қалғаны туралы хабарлаған.

XS
SM
MD
LG