Accessibility links

Италияның екі аймағы көбірек автономияны қолдап дауыс берді


Венеция, Италияның солтүстік-шығыындағы Венето аймағының орталығы (Көрнекі сурет).
Венеция, Италияның солтүстік-шығыындағы Венето аймағының орталығы (Көрнекі сурет).

Италияның солтүстігіндегі ауқатты Ломбардия және Венето аймақтарында алдын ала мәлімет бойынша, сайлаушылар орталық үкіметтен көбірек автономия алуды қолдап дауыс берді.

22 қазанда өткен референдумда аймақтардың Римдегі орталық үкіметтен салық түсімдерін өзіне көбірек қалдыру, иммиграция, қауіпсіздік білім беру және қоршаған ортаны қорғау салаларында көбірек құзірет алу жайы дауысқа салынды.

Екі аймақты да сепаратистік "Лега норд" партиясы басқарады және Италия экономикасының үштен бірі осы аймақтардың үлесіне тиеді.

Венето аймағының президенті Лука Зайя дауыс беру аяқталған соң Венецияда "Венето өзін автономия зертханасы ретінде көрсетеді" деп мәлімдеді.

Ломбардия жетекшісі Роберто Марони референдумдар қос аймақтың "күш біріктіріп, ғасыр күресін жасай алатынын" көрсетеді.

Лука Зайя мен Роберто Марони Римде Италия премьер-министрі Паоло Джентилонимен жүздеспес бұрын, өздерінің аймақтық кеңестерімен кездесіп, стратегияларын айқындап алатындарын айтты.

XS
SM
MD
LG