Accessibility links

Астанада ақтөбелік құқық қорғаушы Әлима Әбдірова ұсталды


Kazakhstan - Aktobe rights activist Alima Abdirova.
Kazakhstan - Aktobe rights activist Alima Abdirova.

Астанада бүгін "Нұрлы жол" вокзалында көліктегі ішкі істер департаментінің (ІІД) қызметкерлері Ақтөбеден "Адам құқығы саласындағы стандарттарды қамтамасыз ету - құқық қорғаушыларды қорғау және қолдау" деп аталатын дөңгелек үстелге қатысуға келген құқық қорғаушы Әлима Әбдірованы тұтқындады. Дөңгелек үстел 24 қазанда өтеді.

"Қадыр-қасиет" ұйымының жетекшісі әрі құқық қорғаушы Анар Ибраеваның Азаттыққа хабарлауынша, полицейлер Әбдірованы перронда күтіп алып, вокзал маңындағы полиция бөліміне әкеткен. Ол сағат 12:10-да ұсталып, Анар Ибраеваға хабарлаған. Қазір Әлима Әбдірованың телефоны сөндіріліп тұр.

- Оған не үшін ұстағандарын айтпаған. Пойыз вагонынан күтіп тұрып, белгісіз жаққа ұстап әкеткен, телефонын сөндіріп тастауға мәжбүрлеген, - деді Анар Ибраева.

Көліктегі ІІД баспасөз хатшысы Азаттыққа өзінің демалыста жүргенін, сондықтан бұл туралы мәліметі жоғын айтты. Депарламент пен ішкі істер министрлігінің сайттары ашылмай тұр, ал қалалық телефондарына ешкім жауап бермеді. Астана қалалық ІІД бұл мәселе өздерінің құзіретінде емесін айтты.

Биыл қыркүйекте сот Әлима Әбдірованы Ақтөбедегі кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының атына "жала жапты" деп айыптап, бас бостандығын екі жылға шектеген. Құқық қорғаушы Ақтөбедегі ол орталықтан "кешірім сұрай алмайтынын" және сот үкіміне апелляциялық шағым түсіретінін мәлімдеген.

  • 16x9 Image

    Светлана ГЛУШКОВА

    Светлана Азаттықтың Астана бөліміндегі тілші болып 2010 жылдан бастап істей бастады. Жоғары білімді ҚарҰУ-де алған. Жеті жыл қалалық жәнереспубликалық арналарда тілші және редактор ретінде тәжірибе жинаған.

XS
SM
MD
LG